Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай аса құнды мәдени игіліктерінің бірі - ұлттық ойындар. №2 Саумалкөл мектеп-гимназияда үзілістерде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі барысында «Ұлттық ойын асыл қазына» тақырыбында жоғары, орта, төменгі буын сыныптар арасында тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату сияқты ойындар өткізілді. Іс-шараға оқушылар белсене қатысып, қызықты әрі әсерлі өтті. Аталған іс-шара балаларды өжеттілікке, батылдыққа және тапқырлыққа тәрбиелейді.