Тәрбие процесінің маңызы - Педагог шеберлігінде
Тәрбие мен білім беру жүйесі қоғам дамуымен байланысты жетіліп, дамып отыруы анық. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі және сыртқы жүйесі түгелімен күн сайын жаңаруда. Жаңалыққа сілтеме жасайтын, бағыттайтын, әрине, мектеп директорының орынбасарлары.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби: «Балаға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» дегендей, «Педагог – Оқушы – Ата -ана» үштігі қызметінің дамуын үнемі қамтамасыз етіп жүрген, жұмысқа деген жауапкершілігінің арқасында Үлкен нәтижеге қол жеткізіп, өзінің алғырлығымен, зеректігімен көзге түсіп, аудан мектептері арасында беделді ұстаз - директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Диана Мейрамбекқызы жайлы сөз болмақ. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. 2012 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітіріп білім ордасына қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен мұғалім болып қызметке орналасады. Жалпы еңбек өтілі 11 жыл. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүргеніне 5 жыл толды. Қазіргі таңда мамандығы бойынша педагог –сарапшы, лауазымдық қызметі бойынша үшінші біліктілік санаты бар – ұлағатты ұстаз. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, бәріне қол ұшын созып, көмектесіп отырады. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол үш баланың анасы, аяулы жар. Диана Мейрамбекқызы Сырымбет орта мектебінде өзінің жауапкершілігінің арқасында өте жоғары дәрежеде жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда оқушылары көптеген шығармашылық байқаулар мен олимпиадалардың жүлделі орын иегерлері атанып жүр. Атап айтатын болсам (соңғы үш жылда). 2022 жылы, Жайдарман ойындары оқушылар арасындағы облыстық мектеп фестиваліне қатысып жүлделі 1-орынмен «Кенжелер» командасы Дипломмен марапатталды. Облыстық «Жыл оқушысы» байқауына 6-сынып оқушысы Болатова Томирсті дайындап, жүлделі 2-орын иеленді. Оқуға деген ынталығы мен шығармашылыққа деген белсенділігі үшін «Айыртау жұлдыздары» фестивалінде Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хатымен Таубай Е., Ермек М., Болатова Т., Казбекова М,. Қасым Ф., Файзуллина А., Нұрбай Ә. Мектеп оқушылары марапатталды. Аудандық Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндік олимпиададан оқушысы жүлделі 3-орын иегері атанды. «Зерде» ғылыми жобасына да жыл сайын оқушылар дайындайды. Нәтижесінде Болатова Томирис 2020 жылы облыстан жүлделі 1-орын иегері атанып республикадан 3-орын иеленсе, 2022 жылы аудандық ғылыми жобадан 1-орын алып, облыста белсене қатысып келді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аудандық оқушылар байқауында Кадырова Жансая жүлделі 2-орын алса, «Кенжегалиевтер отбасы» 1-орынмен марапатталды. Облыстық Жарқын болашақ «Katev» қазақ тілі мен әдебиеті пәндік олимпиадасында Кенжеғали Елсұлтан жүлделі 1-орын иегері атанып, республикаға жолдама алды. Аудандық «Есіл жұлдыздары» мектеп оқушылары арасында өткен ән байқауға мектебінің 6 оқушысы қатысып, бәрі де жүлделі орынға ие болды. 1-сынып оқушысы Серікбай Дария облысқа жолдама алып жүлделі 3-орынмен оралды. Сондай – ақ мектеп оқушылары қолданбалы өнер және спорттық сайыстарға белсене жыл сайын қатысып, жүлделі 1, 2, 3 - орындармен марапатталып жүреді.
Диана Мейрамбекқызы өзі де үнемі ізденіс үстінде жүретін, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, спорттан да алыс емес педагог. 2019 жылы Облыстық Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауына қатысып 1 –орын Диплом иегері атанып, республикада облыс намыс қорғап Алғыс хатпен марапатталды. Жыл сайын өтетін Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық «Жүзден жүйрік» байқауына қатысып 1-орын 2014 – 2017 жылдары, 2-орын 2023 жылы иеленді. Аудандық білім беру мекемелері қызметкерлерінің «Ұстаз - 2023» спартакиадасында «Бес асық» ойыны бойынша қатысып 3-орынмен марапатталып, облыста үздік бестіктің ішіне лекті. Сондай - ақ «Ұстаз – 2023» спартакиадасында Волейбол ойынына қатысып, жүлделі 2-орынмен марапатталды. «Ақ-бидай – 2023» спартакиадасында Баскетбол ойынына қатысып, жүлделі 1-орын медалімен марапатталды.
Диана Мейрамбекқызы өзінің үздік тәжірибесін ұсынып, шеберлік сағаттарын да аудан, облыс көлемінде бөлісіп жүрген ұстаз. Білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қызметкерлеріне аудандық тамыз конференциясының секция отырысында педагогикалық іс-тәжірибесін ұсынғаны үшін Сертификатпен марапатталды. «Білім беру қызметіне жаңа тәрбие технологияларын енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру» тақырыбы бойынша аудандық семинар отырысында жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін Сертификатпен марапатталды. «Қазақ тілі» мен «қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында өз тәжірибесін ұсынып, шеберлік сабағын өткізгені үшін Сертификатпен марапатталды.
Жаңалыққа жаны құмар Диана Мейрамбекқызының еңбегі де еленбей қалмайды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Облыстық білім беру жүйесін дамытуға зор жеке үлесін қосқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды, 2020, 2023 жылдары. Тілді дамытуға қосқан жеке зор үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды, 2020 жыл. Облыстық білім беру жүйесіндегі атқарған еңбегі үшін облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды, 2017 жыл. Адал ниет еңбегі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды, 2021 жыл. Тәуелсіздік күніне орай Сырымбет ауылдық округінің дамуына үлесін қосқаны үшін ауыл әкімінің Мадақтама грамотасымен марапатталды, 2023 жыл. Ауданның білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін аудан білім бөлімінің басшысының Мадақтама грамотасымен марапатталды, 2019, 2021, 2023 – жылдары. «Дәуірдің дарабоз жыршысы» атты Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған іс-шараға атсалысқаны үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражай директорының Алғыс хатымен марапатталды, 2023 жыл. 7-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне оқушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды, 2020 жыл. Жайдарман ойындарына оқушыларды облыстық деңгейіне өте жоғары дәрежеде дайындағаны үшін жастар ресурстық орталығы директорының Алғыс хатымен марапатталды, 2022жыл. Адал еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі үшін Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды,2019 жыл.
Диана Мейрамбекқызы заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.
«Солтүстық Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
«Айыртау ауданының білім бөлімі» КММ