«Желі жұлдызы» атанғың келеді ме!? Онда қазақ тілінде ойыңды жүйелеп, көпшілік алдында сөйлеп үйрен! Қазақ тілінде ауызша қызықты әңгімелер құрауға біздің мектеп-гимназияның қазақ тілі мұғалімдері Шаймакова А.О. мен Каирлинова Г.С. үйрете алады. 2023 жылдың 20 қыркүйегі күні 3 «А» сыныбында «Үй жануарлары – жанды табиғат» тақырыбында сұхбат ойыны өткізілді. Ойын барысында оқушылар өздерін бір сәтке «желі жұлдызы» ретінде сезініп, қазақ тілінде үй жануарлары туралы еркін ауызша әңгімеледі. Оқушылар іс-шараға қызығушылық танытып, белсенді қатысты, өз білімдерін көрсете алды.
Жунусов Сайлаубай Калымтаевич, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ӘБ жетекшісі.