«Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры» атты онкүндік жоспары аясында ҚР қоғам қайраткері, актер, әнші Байғали Есенәлиевпен кездесу өтті.
«Құндылыққа толы кездесу» 2023 жылдын 25 қыркүйек күні N°89 мектеп-лицейде қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігінің «Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры» атты онкүндік жоспары аясында ҚР қоғам қайраткері, актер, әнші Байғали Есенәлиевпен кездесу өтті. Кездесуге әдістемелік орталықтың әдіскері Жанар Сейдахметқызы және қала мектептерінін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері келіп, өздерінің ойларымен бөлісті. Кездесудің мақсаты: Кино аркылы ұлттық тұғырымызды бекіту арқылы елін, жерін кұндылық деп түсініп тарихты жаңғырту. Мектептің 8-10 сынып окушылары «Ахмет.Ұлт ұстазы» фильмі рухани туынды екеніне көз жеткізді. Ахметтің рөлін сомдаған шебер актер тұлғаның құндылықтарын ашып, эмоция мен мотивацияаға толы түсірілім екенін баяндады. 1920 жылдары қазақ зиялыларының басынан өткен нәубат жылдарын еске түсіре алды. Байғали Есенәлиев мектептің естелік альбомына қолтаңба қалдырып, жүрек жарды тілегін өлен жолдарымен жеткізді.