«Мектепке жол» республикалық акциясы
Мектепте жұмыс жүйесін енгізу үшін «Жол картасының» санаттары бойынша оқушылардың «деректер банкі» жұмыс істейді.
Бұл мектептің әлеуметтік құрылымын оңай танып білуге мүмкіндік береді.
Оқу жылының басында түрлі санаттардағы отбасылардың мектеп оқушыларына көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік педагог жұмысындағы маңызды аспектілердің бірі - «Мектепке жол» республикалық акциясы аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру.
2023-2024 оқу жылында "Жалпыға бірдей оқыту" қорынан 41 отбасына қамқоршысынан айырылған (жетім, ОБПР), мүгедек балалар, АӘК алатын отбасылар, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың (мектеп киімдерін, аяқ киімдерін және мектепке қажетті кеңсе тауарларын сатып алу үшін) көлемі 41 мың теңгені құрайтын қаржылай көмек көрсетілді.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ, мектеп оқушыларына оқу құралдары салынған 20 рюкзак түрінде демеушілік көмек көрсетті.