Меню KDT

Новости

Главная Новости

қарттар күні

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Біздің елімізде де жыл сайын бұл күн қарттарымыздың өмір бойы жасаған еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қа­лып­тасуына қосқан зор үлестеріне сай құр­мет көрсетіледі. Дәстүрлі жиындардан бөлек еліміздегі зейнеткер ұстаздарымызда елеусіз қалған жоқ. Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымы Текеева Рита Нұржанқызының ұйымдастыруымен №8 жалпы білім беретін мектеп кәсіподақ ұйымымен бірлесе, қарттар күніне орай Мұнайлы ауданы №8 жалпы білім беретін мектептің зейнеткер  ұстазы Оразова Балсұлу Сакибайқызын атаулы мерекемен құттықтады. Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі  қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адам­дарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсе­тілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено