Бүгін сыныптың президенттерімен кездесу өткіздім. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы туралы сөз қозғадық. Сыныптың президенті болғасын жауаты және тәртіпті, ұйымшыл, шешім қабылдауға қабілетті, мектепте, сыныпта көшбасшы болып белсенді өмірлік ұстаным иелері екендерін тағы бір мәрте қайталап жібердім. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру кезінде әртүрлі сұрақтарды шешу барысында оқушылар белсенділік танытады деп үміттенемін.