Меню KDT

Новости

Главная Новости

Бүгін мектептердің басқару командаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында кезекті вебинар өтті.

🔰Бүгін мектептердің басқару командаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында кезекті вебинар өтті. Вебинар барысында мектепішілік бақылауды жүзеге асыру арқылы мектептегі білім беру сапасын басқару мәселелері талқыланды. МІБ-бұл мектептің сапалы жұмысының барлық көрсеткіштерін жақсарту мен қолдаудың тұрақты процесінің көрінісі. Вебинарға СҚО білім беру ұйымдары директорларының 60-тан астам орынбасарлары қатысты. Іс- шара спикерлері Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы жанындағы мектепішілік бақылауды ұйымдастыру нұсқаулығын әзірлеу жөніндегі республикалық жұмыс тобының мүшелері: Ахметова Салтанат Паналиевна Ақтөбе қаласындағы "Ақбөбек халықаралық мектебі" директорының әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары, Сейдинова Турсункул Андасбековна Шымкент қаласы N27 "Мәртөбе" жалпы орта білім беретін мектебі оқу ісі жөніндегі орынбасары.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено