Біртұтас_тәрбие «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 8 қыркүйек күні мектеп директорының тәрбие ісі жөнінде орынбасары Б.К. Амиржанованың жетекшілігімен сынып жетекшілердің №1 әдістемелік отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: 1. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асырылуы туралы. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2023-2024 оқу жылындағы ерекшеліктері /ТІО Амиржанова Б.К./ 2. Психологиялық қызметінің ұйымдастырылуы/ Психолог Берденова М.А., Сердалина Т.Б., әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н./ 3. Үйірме, секциялар жұмысы; ашық тәрбие сағаттар, НОБД туралы / ТІО Ргебаева А.Е./ 4. Әр-түрлі ұйымдастырушы сұрақтар Нәтижесінде әдістемелік ұсыныстар беріліп, шешімдер қабылданды.