Меню KDT

Новости

Главная Новости

Білім күніне арналған «Кел балалар, оқылық» атты салтанатты іс – шара

2023 жылдың 1 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Білім күніне арналған «Кел балалар, оқылық» атты салтанатты іс – шара өтті. Білім әлеміне алғаш рет 38 оқушы қадам басты. Салтанатты жиынға мектеп оқушыларының ата-аналары, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары, ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Мемлекеттік туды енгізу құқығы 9 ә сынып оқушысы Елемесов Нұрболат, 10 а сынып оқушысы Жылқайдар Шынғыс және 8 А сынып оқушысы Боранбай Таирге берілді. Салтанатты іс-шарадан кейін 1-11 сыныптарда «Мектебім- мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Сонымен қатар балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан не күтетіндерін талқылау мақсатында 5-7 сынып оқушылары «Жазғы каникулдан жарқын естелік», «Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім» тақырыбында республикалық челленджіне белсенді қатысты.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено