2023 жылдың 9 қазан күні №2 Новоишим орта мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Калиева Жанар Кенжебайқызы мен Сембаева Хафиза Арысбекқызы мектепшілік «Шал ақын оқулары» байқауын өткізді. «Шал ақын оқулары» байқауының мақсаты: мектеп оқушылары арасында Шал ақын шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау.
«Шал ақын оқулары» байқауы мектептің 7-11-сынып оқушылары арасында өткізілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша: 1-номинация: «Өлең тоқтамайды Шал дегенің»-Шал ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу. (Қатысушы өзі жатқа білетін Шал ақын шығармаларын жатқа айту қажет). Бұл номинацияда 1-орынды 9 «А» сынып оқушысы Қанатқызы Алина, 2-орынды 8 «А» сынып оқушысы Усен Каусәр, 7 «А» сынып оқушысы Алпамыс Жамиля және 2-номинацияда «Қатты қаттыға өтпейді қайран»-Шал ақын шығармашылығы бойынша эссе жазу. 1-орынды 8 «Б» сынып оқушысы Жанзакова Жанар 2-орынды 9 «А» сынып оқушысы Бейсенбай Арайлым, 3-орынды 8 «А» сынып оқушылары Көшербек Дильназ және Тобыл Назеркелер иеленді. Құттықтаймыз!