Егер сізде білім болса,
басқаларға одан өз шамдарын жағуға беріңіз.
(Томас Фуллер)
2023 жылдың 10 қазанын бастап № 1 мектеп-лицейде «Тәлімгерлік апталығы» басталды. Осы іс-шара аясында әкімшілік мүшелерінің барлығы және шебер-педагогтар жас педагогтармен тәжірибе бөліседі. Бұл жұмыстың мақсаты жас педагогтарға кәсіби қалыптасуда әдістемелік көмек көрсету, педагогикалық қызметке деген қызығушылықты ояту, мамандыққа саналы және шығармашылық қатынасты дамыту болып табылады. Сабақтар челлендж, жобаларды қорғау, педагогикалық шеберханалар түрінде өткізілуде; оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытатын топтарда жұмыс көрсетілуде. Барлық сабақтар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес құрылған.