13.10.2023 жылы «Ақан мектеп – бөбекжай-бақша кешені» КММ-де
«Сәлем алтын күз» атты күзгі мереке өтті.
Мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін бекіту.
- күзде табиғатта болатын күзгі белгілерді, құбылыстарды бекіту;
- балаларды өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету, ата-аналарымен бірлескен іс-шарадан балаларға қуаныш сыйлау.
Мереке өте көңілді және қызықты өтті. Балаларға күзгі ару келді. Балалар онымен билеп, күз туралы ән айтты, көңілді ойындар ойнады, өлең оқыды. Балаларға әсіресе ептілік танытқан спорттық сипаттағы жарыс ойындары ұнады.
Ал ең таңғаларлық және есте қалатын эпизод – тосын сәт – алма себет болды.
Сондай-ақ балалар «Алтын күз» күзгі қолөнер байқауына қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.