Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Жоғары лига»

2023 жылғы 11 қазанда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен «Қызылжар дарыны» атты «Дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы» ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша «Жоғары лига» облыстық олимпиадасына облыстың 24 инновациялық мектебі қатысты. Олимпиада прокторингті қолдана отырып, онлайн форматта өтті. Бұл олимпиаданың мақсаты жаратылыстану-математикалық цикл ғылымдарының негіздерін зерттеуге қызығушылық пен бейімділік танытатын дарынды оқушыларды анықтау болып табылады. №2 Саумалкөл мектеп-гимназиядан 🥉🥉🥉Төлепберген Назерке (мұғалімі Аскар А.О.), 10-сынып оқушысы, химия пәнінен және 🥉🥉🥉Еркемұрза Дильназ (мұғалімі Батжанова С.Т.), 9-сынып оқушысы, биология пәнінен 3 орындарды иеленді.
Назерке мен Дильназды жүлделі орындарымен құттықтаймыз, шығармашылық ізденістері мен ғылыми жаңалықтары арта беруіне тілектеспіз!
Аскар Айгуль Отызбаевна, оқу жөніндегі директордың орынбасары.
 
 
 
 
 
 
 
Все реакции:
5Вы, Samal Aldangarova, Анжела Бобырь и ещё 2
 
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено