Меню KDT

Новости

Главная Новости

12 қазан күні «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп» КММ-де Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті.

⚜️12 қазан күні «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп» КММ-де Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті. Қазақстан әлеуметтік даму институты өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында осымен екінші жыл ұйымдастырылып отыр.
I-дәрежелі диплом: Сапарғалиева Даяна – Мамлют ауданы «Бексейіт НМ» КММ 8-сынып оқушысы; Лұқман Айнара – Ақжар ауданы «Май ОМ» КММ 9 сынып оқушысы; Күркенова Жанел – Жамбыл ауданы «Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ 10 сынып оқушысы.
II-дәрежелі диплом: Сәду Әдемі – Есіл ауданы «Бұлақ ОМ» КММ 8-сынып оқушысы; Аблаева Аружан – Уалиханов ауданы «Жамбыл ОМ» КММ 8 сынып оқушысы; Тоқсамбаева Зауре – Мамлют ауданы «Бексейіт НМ» КММ 9 сынып оқушысы; Болатова Дильназ – Уалиханов ауданы «Бидайық ОМ» КММ 9 сынып оқушысы; Мұқанова Альбина – Мамлют ауданы «Бексейіт НМ» КММ 10 сынып оқушысы; Қайырбек Айым – Ақжар ауданы «Бестерек ОМ» КММ 10-сынып оқушысы.
ІІI- дәрежелі диплом: Тұрлыбек Нариман – Ақжар ауданы «Бестерек ОМ» КММ 8 сынып оқушысы; Сағдатов Бақдәулет – Петропавл қ. «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ 8 сынып оқушысы; Октябрьқызы Динара – Тайынша ауданы «Келлер ОМ» КММ 8 сынып оқушысы; Жанысбек Гауһар – Жамбыл ауданы «Айымжан ОМ» КММ 9-сынып оқушысы; Сасықбаева Марал – Аққайың ауданы «Рублев ОМ» КММ 9 сынып оқушысы; Марат Аюлым – Шал ақын ауданы «Ақсу НМ» КММ 9 сынып оқушысы; Ерсайын Аружан – Есіл ауданы «Тауағаш ОМ» КММ 10 сынып оқушысы; Амантай Альбина – Петропавл қ. «Әлихан Бөкейхан атындағы ОМ» КММ 10 сынып оқушысы; Байғажқызы Альбина «Тайыншы №5 ОМ» КММ 10 сынып оқушысы.
Барлық сайысқа қатысушыларды және сайыскерлерімізді дайындаған ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз, жаңа жеңістер тілейміз! Республикалық кезеңге қатысушыларға сәттілік!
Кітаптарды жақсы көріңіз, өйткені кітап оқу - әлемді танудың және ой-өрісіңізді кеңейтудің ең қызықты жолы!
Байқауды ұйымдастырушылар, қазылар алқасының мүшелері, қатысушылар және олардың тәлімгерлері атынан «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп» КММ директоры Сәуле Нұрғалиқызына, ұстаздар мен оқушыларға керемет атмосфера үшін және тамаша музыкалық қойылымдар үшін алғысымызды білдіреміз.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено