Осы айтулы күні 2023 жылғы 23 қазанда "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" балалар - жасөспірімдер ұйымының қатарына "№ 7 орта мектеп" КММ-нің 50 оқушысы қабылданды. Оқушылар СӨС жүргізуге және насихаттауға, патриот болуға , сондай-ақ айналасындағыларға үлгі болуға ант берді. Мектеп директоры бастаған оқытушылар құрамы балаларды "Жас Ұлан" мен "Жас Қыранға" мойнына галстук байлап, оларға төсбелгі тағып арнады.