«Алаш қозғалысы қайраткерлерін ұлықтау» Тарих пәнінің мұғалімі Нұрбек Еділбайұлы Алаш партиясына арналған сынып сағатын өткізді. Алаш партиясы – еліміздің өткен тарихындағы жарқын беттердің бірі. 20-ғасырдың басындағы шағын қазақ зиялылары тек ойлау орталығы ғана емес, қазақ халқының жарқын болашаққа деген үміті болды.