Меню KDT

Новости

Главная Новости

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

13 қазанда 9-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында әскери бөлім өкілдерімен әңгімелесу өткізілді. Қызметкерлер оқушыларға Ұлттық ұланның қалыптасуы, Ұлттық академияға түсу ережелері мен оқу шарттары, әскери мамандықтар туралы айтып берді. Әскери қызметшілерге берілетін жеңілдіктер туралы ақпарат берілді. Ефрейтор әскери қызмет деген не, жауапкершілік пен әскери тәртіп, жеке тұлғаның қалыптасуы туралы айтты. Оқушыларға нәтижелі оқу тілеп, әскерде қызмет етуге - азаматтық борышын орындауға шақырды. Олар өз мамандықтарын қалай таңдағаны туралы естеліктерімен бөлісті. Оқушыларға кейін тәтті сыйлық берілді. Оқушылар қонақтарға алғыс айтып, естелікке фотосуретке түсті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено