Меню KDT

Новости

Главная Новости

#Біртұтас_тәрбие #Республика_күні #Сынып_сағаты

#Біртұтас_тәрбие #Республика_күні #Сынып_сағаты Республика күні - бұл күнді сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, найзаның ұшымен, білектің күшімен тәуелсіздікке қол жеткізді. Он үш жылдан кейін қайта оралған мереке бүгінгі күн барша қазақ елі үшін қуанышты жайт. Республика күні –нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын,халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын, сыйлайтын айтулы күн. Елім деп еңіреп,жұртым деп жамырап, жан қиған қазағымыз ежелден еркіндік аңсаған.Сондықтан қазірге дейін Қазақстан көптеген қиындық жолдардан өтті деуге болады, себебі өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін қаншама қаракөз апаларымыз, боздақ бозбала ағаларымыз кеудесін оққа тосты, жан кешті. Осы уақыттан кейін Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. 5 сынып жетекшісі Тотай К. "Егемен елім менің" тақырыбында сынып сағат өткізді


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено