21 қыркүйек күні "Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебі" КММ-де 10-сыныптың сынып жетекшісі Елдияр Феруза Қайырбекқызы 8-11 сынып оқушылары арасында "Отбасын жоспарлау" атты семинар-тренинг өткізді. Мақсаты: қоғамның негізгі құндылығы ретінде отбасына деген құрметпен қарауды тәрбиелеу; отбасының адам өміріндегі рөлін көрсету; отбасы құқығының кейбір негіздерін қамту; отбасылық өмірдің кейбір аспектілерінің маңыздылығына назар аудару. #Біртұтас_тәрбие_беру