27 қазанда мектепте көптен күткен және барлығының сүйікті "Күзгі бал" мерекесі өтті. Бұл мереке жылдың тамаша уақыттарының бірі-күзге арналған.
Құрамында біздің мектептің оқушылары мен мұғалімдері бар қатаң және бейтарап қазылар алқасының бағалауына 1-4 сынып командалары ұсынылды. Акт залында оқушылар мен мұғалімдер жиналып, қатысушыларды қолдады.
Байқау бағдарламасы қызықты әрі алуан түрлі болды. Балалар байқауға жасалған күзгі қолөнер бұйымдарын ұсынды, ал ең есте қалатыны "Күзгі дефиле"атты байқау болды. Өнер көрсеткен жас сәнгерлер киімдері күзгі түрлі-түсті және ерекше болды.
Бағдарламаның соңында қазылар алқасы өнер көрсеткшілерге баға берді, түрлі номинациялар бойынша грамоталар табыстады.