Жасөспірімдер ортасында нашақорлықтың алдын алу аясында есірткінің адамның физикалық денсаулығына және оның әлеуметтік саламаттылығына теріс әсері ұғымын қалыптастыру мақсатында 2023 жылғы 26 қазанда «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокурорының орынбасары А. О. Жунусовтың қатысуымен 8,9, 10,11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында есірткінің адам денсаулығына кері әсері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.