Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Жаңа кітаптар галереясы»

2023 жылдың 10 қарашасында "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашысы 1-11 сынып оқушыларына кітапханаларды жаңғырту, "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Жаңа кітаптар әлемінде» атты жаңа көркем әдебиеттер бойынша кітап көрмесін ұсынды.

Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.

Кітапханада жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Жаңа кітаптар галереясы» атты жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. «Білімнің қайнар бұлағы», «Сиқырлы ғажайып әлем», «Балаларға базарлық» атты тақырыптардан құралған көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды.

Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа әдебиеттер» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено