4 желтоқсан күні «Азамат» дебат клубының ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында пікірсайыс болып өтті. Дебат қарары: «БП гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл механизмін ұсынады». АПФ форматында өткізілген дебат ойынында Үкімет және оппозиция фракциялары гендерлік зорлық-зомбылық себептері мен салдарына дәйек пен дәлелдер келтірді. Әрбір фракция өз аргументтерін ұсына отырып, дәлелді қорытынды жасады. Бұл пікірталас ойынына 11 «А» сынып оқушылары, тәжірибелі ойыншылар Ақжанет және Индира, Нұрсәт төрешілік етті.