Меню KDT

Новости

Главная Новости

9-11 сынып оқушыларымен аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары Даурен Маулиевич Ибраевпен кездесу ұйымдастырылды.

Новоишим қазақ орта мектебінде 2023 жылдың  06 қазан күні  әлеуметтік педагог А.Н.Байбулатованың жетекшілігімен 9-11 сынып оқушыларымен аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары Даурен Маулиевич Ибраевпен кездесу ұйымдастырылды. Дәріс барысында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жол-көлік жарақаттанудың, жол ережелері", «Буллингтің алдын алу», интернет желісіндегі ойын сауық  туралы  дәріс  өткізілді. Мақсаты: оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған кезінде өздерін ұстай білу ережелерін меңгерту; қоғамдық орындарда өздерін ұстай білу, тәртіптерін сақтау, оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдыңдағы жауапкершілікті арттыру. Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілік түрлерімен, және кәсіптік бағдар беру  мақсатында   ішкі істер бөліміне, құқық қорғау органдары академиясына түсу тәртібімен таныстырылды.  Жалпы 85 оқушы қамтылды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено