2023 жылғы 11 желтоқсанда «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтті.
2023 жылғы 11 желтоқсанда «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты - педагогтердің өзіндік шығармашылығын жүзеге асыруы мен кәсіби өсуін ынталандыру, басшылар мен мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Фестивальге біздің ауданымыздан «Шеберлік палитрасы» қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы пәндер номинациясында Алимгереева Л.М. (Рудный ОМ), «Шеберлік палитрасы» физика – математика бағытындағы пәндер номинациясында Ленгле Н.А. (Саумалкөл №1ОМ), «Шығармашылық толқын» номинациясында Водовозова Е.Н. (Саумалкөл №1ОМ) қатысты. Әділ қазылардың шешімі бойынша «Шеберлік палитрасы» бағытында Алимгереева Ляззат Муратовна ІІ орын, «Шығармашылық толқын» бағытында Водовозова Елена Николаевна ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!