Көптен күткен жаңажылдық іс-шараға оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін, ән, би, жыр-шумақтарын арнады. Балалардың өнеріне тәнті болған Аяз ата мен Ақшақар өз сыйлықтарын аямады. Қамқоршылық кеңес мүшелері әрі жомарт жандар Бегенбаева Арайлым, Тлеубаев Талғат, Жусупов Жарасбек Аяз Ата қапшығын тәттілермен толтырды. Жылда осындай балалар қуанышына атсалысып, мектептің әр іс-шарасына жұмыла көмек көрсетіп отырады.
Жақсылыққа жаны құмар ел азаматтарына ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, ауыл тұрғындарының атынан ризашылығымызды білдіріп, рахметімізді айтамыз! Бастаған істеріңіз оңға басып, 2024 Жаңа Жыл тек жақсылыққа толы болсын демекпіз!