Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жоғары ғылыми-пәндік білімі бар облыстың үздік педагогтарын анықтау мақсатында 2024 жылдың 12 қаңтарында Петропавл қаласында пән мұғалімдеріне арналған олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Жоғары ғылыми-пәндік білімі бар облыстың үздік педагогтарын анықтау мақсатында 2024 жылдың 12 қаңтарында Петропавл қаласында пән мұғалімдеріне арналған олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Биыл олимпиада 9 бағыт бойынша өтті: Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, география, тарих .
Жұмыс сапасын арттыруда мұғалімдердің кәсіби байқаулар мен олимпиадаларға қатысуы маңызды рөл атқарады. Сан түрлі байқауларға қатысу өзін-өзі саралауға және дамытуға мүмкіндік береді. Осы олимпиадаға қатысу әр мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен жылдар бойы жинақтаған тәжірибе қорын көрсетуге көмектеседі.

Олимпиада қорытындысы:
2 орын - Мурзахметова Гуля Амангельдиновна , Саумалкөл №1 ОМ тарих пәнінің мұғалімі;
3 орын - Есей Нурлан, Қаратал ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
3 орын - Черненко Ольга Анатольевна, Константиновка МББК биология пәнінің мұғалімі;
3 орын - Алимгиреева Ляззат Муратовна, Рудный ОМ география пәнінің мұғалімі;
3 орын - Бобкова Надежда Васильевна, Арықбалық ОМ физика пәнінің мұғалімі;

Құттықтаймыз! Қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтамай, әрқашан алға ұмтылып, кез-келген шыңдарды бағындыруды тілейміз.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено