Акцияның мақсаты - мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Мектепті екінші үйіміз десек, ұстазды анамыз дейміз.Ұстаз бола білу екінің қолынан келе бермейтіні баршамызға мәлім. «Досболlike: Достық қолын ұсын» акциясы негізінде мектебіміздің психологі А. М. Азбергенова ұстаздар қауымымен көңіл күйді жақсарту, позитивті көңіл-күй сыйлау мақсатында «Менің қолымнан барлығы келеді» тренингін өткізді.