Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ «№2 Новоишим орта мектебі" КММ Педагог-кәсіби бағдар беруші (1 ставка) бос лауазымына конкурс жариялайды.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ

«№2 Новоишим орта мектебі" КММ Педагог-кәсіби бағдар беруші

(1 ставка) бос лауазымына конкурс жариялайды.

1.Ұйым атауы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ

«№2 Новоишим орта мектебі» КММ

2. Мекенжайы, пошта индексі: 150401, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим селосы, Заслонова көшесі 10а

3. Байланыс телефондарының нөмірі: 8 (715)35 20009 (қабылдау бөлмесі),

8 (715) 35 23819 (директор)

4. Электрондық пошта: nssh_2020@mail.ru

5. Бос лауазымның атауы: педагог-кәсіби бағдар беруші

6.Лауазымдық міндеттері:

Лауазымдық міндеттері:

мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;

білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;

қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;

кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;

кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;

белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;

балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
7. Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: - еңбек өтілі мен біліктілік санатына, штаттық кестеге сәйкес төленеді.
8. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: ҚР БҒМ 13.07.2019 ж. № 338 бұйрығы, 13-Параграф 88-91 тармақ https://adilet.zan.kz/rus/docs/V090005750
9. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 25 қаңтар
10. Қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено