2024 жылдың 22 қаңтарында «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Шығармашылық.Құзыреттілік.Бастамашылдық.» атты аптаның ашылуы өтті.
Аптаның мақсаты жас педагогтердің, педагог тәлімгерлердің кәсіби жетістіктерін көрсету болып табылады.
Міндеттері: жас педагогтердің педагогикалық белсенділігін жандандыру; талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мамандарды анықтау; кәсіби және жеке дамуды ынталандыру, олардың білім беру ұйымдарының жұмысын дамытуға қосқан үлесін арттыруға жәрдемдесу; әдістемелік көмек көрсету.
Мектепте аудандық жоспар негізінде апталық өткізу жоспары және ашық сабақтар кестесі әзірленіп бекітілді.
Апталықтың ашылуы аясында мастер-класс, тимбилдинг, психологиялық тренингтер өткізілді.
Мұғалімдер көптеген жағымды эмоциялар алып, кері байланыс берді.