Меню KDT

Новости

Главная Новости

«МӘҢГІЛІК – ТАҒЗЫМ!»

Бүгін, Сырымбет ауылы Ш.Уалиханов атындағы мұражайда, Сырымбет орта мектебінің директоры Тулеуов М.Ф., АӘТД мұғалімі Рыспаев Б.М. және мектеп оқушыларымен бірге мұражай ұжымы қатысуымен «МӘҢГІЛІК – ТАҒЗЫМ!» атты ауған және тәжік-ауған соғысының ардагері Б.Болатбек ағамен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар Болатбек ағаға өлеңдерін оқып, Болатбек аға оқушыларға жылы лебізін білдірді. Бұл кездесудің мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысының болу себептерін түсіндіру; Отанын құрметтеуге,еркіндікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға үйрету; Бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтауға, үлгі ете білуге тәрбиелеу.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено