Ана деген ұлы сөз бар ғаламда, Ана сөзі сақталады санамда. Түн ұйқысын төрт бөліп, Жұбатады анашым Қуанышты да қайғыны, Бөліседі анашым
🌸Мектебімізде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Ана бақыт-ана нұр" атты мерекелік іс-шара өтті. Бастауыш сынып оқушылары шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, ата-аналарын таң қалдырды. Концерттік бағдарлама аясында балалар әжелеріне және аналарына жылы сөздер айтып, өз қолдарынан жасаған ашық хаттарды сыйға тартты. Ән мен биден шашу шашты.