Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Наурыз мерекесі қарсаңында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиаданың республикалық, облыстық кезеңінің жүлдегерлері мен жеңімпаздарын аудан әкімі Е.М. Бекшенов марапаттады.

Сонымен қатар "Қайырымдылық күніне" орай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Қазақстан халқына» қорының «Жаздық жолдама-2024» қайырымдылық жобасы аясында қоғамдық өмірге белсенді қатысатын және оқуда үздік көрсеткіштері бар орта сынып оқушыларына жазғы демалыс кезінде демалуға жолдамалар табысталды. Оқуда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушыларымызға сәттілік тілейміз!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено