“Мектеп ұжымының біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру” тақырыбында № 4 педагогикалық кеңес
2024 жылдың 27 наурыз күні “Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де “Мектеп ұжымының біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру” тақырыбында № 4 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: 1.ҚР білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы / ТІО Амиржанова Б.К./ 2.3- тоқсан қорытындысы / ОІО Жолдаспаева Г.М/ 3.Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері / ОІО Қайыржан Д.Қ./ 4.Дене шыңықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру / дене шынықтыру пәні мұғалімі Узаков Е.Н./ 5.Әр түрлі сұрақтар Қаралған мәселелердің нәтижесінде шешімдер қабылданып, ұсыныстар берілді.