Меню KDT

Новости

Главная Новости

көрме

2024 жылдың 12 сәуірінде "№ 2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары А.А.Шериязданова, А.М.Базарбаева Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күніне арналған тақырыптық көрмені 1-11 сынып оқушыларына ұсынды .

Мақсаты:

- Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;
- Ой -өрісін дамыта отырып, таным деңгейлерін кеңейту;
- Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Дәл осы күні қазақ жерінен ғарышқа тұңғыш рет адам ұшырылғанына биыл - 63 жыл. Содан бері «Байқоңыр» ғарыш айлағынан түрлі аппарат аспан кеңістігіне жіберілді. Адамзат игілігі үшін пайдасы тиетін талай ғылыми жаңалық ашылды. Қазақ жерінен 50 жылда 1500-ден астам түрлі ғарыш аппараты мен 100-ден артық құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырылған. Солардың ішінде, мына «Союз» зымыраны 1966-76 жылдар аралығында 32 рет ғарышқа жіберілген. Осынау тарихи сәтті халық теледидар арқылы тұңғыш рет 1968 жылы бақылаған. Ауыр санаттағы «Протон» тек қана Байқоңырдан ұшырылады. Зымыран үшін 1965 жылы арнайы екі жұмыс алаңы салынған. Ал, «Зенит» зымыраны алғаш рет 1985 жылдың сәуірі мен маусымында екі рет ұшырылған. Алайда сынақтың екеуі де сәтсіз аяқталып, тек қазан айында ойдағыдай жүзеге асырылады. 1991 жылдың 2 қазанында қазақ тұңғыш рет ғарышты бағындырды. Тоқтар Әубәкіров әуе кеңістігінде 7 күн болған. «Мир» станциясында Тоқтар Әубәкіров алғашқы «Ғарыш-Қазақстан» бағдарламасы аясында ғылыми тәжірибе жүргізді. Ал, екінші болып 1994 жылы ғарышқа ұшқан Талғат Мұсабаев әуеде 126 тәулік болыпты. Қазақпен бірге ғарышты Туымыз да бағындырды. Бұл сапар барысында тарихта тұңғыш рет «Мир» станциясы – Медеу» телекөпірі өтті.

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено