Меню KDT

Новости

Главная Новости

24-25 сәуірде Кирилловка ОМ базасында Айыртау ауданының жалпы білім беру ұйымдары арасында «Батыр» спорттық көпсайыс бойынша аудандық мамандандырылған спартакиада өтті. Жарысқа 16 орта мектеп командасы қатысты.

24-25 сәуірде Кирилловка ОМ базасында Айыртау ауданының жалпы білім беру ұйымдары арасында «Батыр» спорттық көпсайыс бойынша аудандық мамандандырылған спартакиада өтті. Жарысқа 16 орта мектеп командасы қатысты. Бұл жарыс сегіз кезеңнен тұрады.

Бірінші күні қатысушылар төрт түрден сайысқа түсті

  1. Отқа дайындық

2.Газтұмылдырық кию

  1. Жалпы әскери қорғаныс жиынтығын плащ түрінде кию
  2. 10*10 метрге үдеумен жүгіру

Екінші күні қатысушылар келесі тапсырмаларды орындады

  1. Ұлдар күштік дайындығын тексеру үшін бел темірде тарту, қыздар шалқая жатып денені көтеру
  2. 3000 метрге жүгіру (ұлдар), 1000 метрге жүгіру (қыздар)
  3. ММГ АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру.
  4. Оқу гранатасын лақтыру ұлдар - 14-15 жас 500 гр., 16-17 жас 700 гр., қыздар - 14-15 жас 250 гр., 16-17 жас 500гр.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша 3 орынды Казанка ОМ командасы, 2 орынды Нижнийборлық МББК иеленді және Саумалкөл №1  ОМ командасы чемпион атанды. Біздің қатысушыларымызға облыстық

спорттық көпсайыс бойынша спартакиадада сәттілік тілейміз.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено