Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Петропавл қаласында Айыртау ауданының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Кәсіби табыс» дене шынықтыру мұғалімдері арасындағы облыстық олимпиадаға қатысып, аталған іс-шараның жүлдегерлері атанды.
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Петропавл қаласында Айыртау ауданының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Кәсіби табыс» дене шынықтыру мұғалімдері арасындағы облыстық олимпиадаға қатысып, аталған іс-шараның жүлдегерлері атанды. Екінші орынды Гусаковка орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Давыдов Алексей Александрович иеленді; 3 орынды Саумалкөл қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әбілмәжім Еділ Досымбекұлы иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, әрқашан жеңіске ұмтылуды, ешқашан табандылық пен күш-жігерді жоғалтпауды тілейміз!