Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жас мұғалімге болашақ мамандығынан көңілі қалмауға қалай көмектесуге болады?

⚜️Жас мұғалімге болашақ мамандығынан көңілі қалмауға қалай көмектесуге болады? Жас мұғалімдердің кәсіби қалыптасуы мен дамуы мәселесін шешудің бірі-жас мұғалімнің кәсіби қалыптасуына ықпал ететін тәлімгерлік институты. 2024 жылдың 10 мамырында Петропавл қаласының № 10 орта мектебінде «Тәлімгерлік технологиясы жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін, көшбасшылық қасиеттерін қолдау және дамыту құралы ретінде» тақырыбында облыстық семинар өтті. Құзыреттер Орталығының қызметі аясында семинарға Жамбыл ауданынан (35 педагог қамтылған) «Қала-ауылға» жобасына қатысушылар шақырылды .
📌Семинарға қатысушылар демо сабақтар арқылы тәлімгерлер мен жас педагогтердіың үйлесімді жұмысын көрді. Тәлімгерді қолдау жас педагогті дамытудың қажетті құралы болып табылады.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено