2024 жылдың 24 мамырында «Біздің қолымыздан бәрі келеді!» ұранымен мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жастарға арналған «ЖҰЛДЫЗДЫҢ демеушілігі» VII облыстық фестивалі өтті.
Бұл фестивальге «Бейнелеу өнері – сәндік-қолданбалы өнер» байқауының номинациясы бойынша "Ясная Поляна орта мектебі" КММ 2-сынып оқушысы Вишневский Мирослав және 3-сынып оқушысы Андрей Скрипченко, Даниэль Бомм қатысты.