"Білімім Отаныма" бірыңғай сынып сағаты. 2024 жылдың 24 мамырында "Ясная Поляна ОМ" КММ-де 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша және "Білімім Отаныма" жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты - оқушылардың педагогикалық еңбекке деген құрметін, білім алуға деген ұмтылысын және оқу жылындағы жетістіктерін объективті бағалау қабілетін қалыптастыру. Тәрбие сағатының тұжырымдамасына сәйкес сынып сағаттары Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауынан басталды, содан кейін ҚР Білім Министрінің сөзін тыңдаумен жалғасты, оқушыларға қазақстандық балалардың жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, 9 және 11 сынып түлектері "Мен. Мектеп. Ұстаз" тақырыбына эссе жазды.