«Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері, жазда судағы қауіпсіздік ережелері»
Ұлттық_мектеп_лигасы 2024 жылдың 23 мамыр күні әлеуметтік ұстаздар Алгожина А.Қ., Байбулатова А.Н., АӘТД педагог-ұйымдастырушысы Р.Е. Еслямов, төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Төрегелдиев Ержан Қанатұлы, азаматтық қорғаудың төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлімінің аға тергеушісі, азаматтық қорғау капитаны Сулеймеков Данияр Есенғалиұлымен бірлесе отырып 9,10 сыныптармен «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері, жазда судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат беру; судағы, табиғаттағы, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу; өрт болған кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бекіту.