2024 жылдың 25 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 11 сынып түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік форматта өткен іс-шарада түлектерден ұстаздарға алғыс әндер орындалды, ата-аналар атынан алғыс тілектер айтылды. Сонымен қатар пәндер бойынша үздік түлектер мен қоғамдық жұмыс белсенділерін марапаттау рәсімі өтті