"Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебі" КММ-сінде 1-11 сыныптардың сынып жетекшілері "Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан" атты сынып сағаттарын өткізді.
Қазақстан ондаған жылдар бойы көптеген ұлттар мен ұлыстардың Отаны болып келеді. Бүгінде түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды өз жерім деп біліп, қазақ халқын туғанындай көреді. Осыған орай, қазақстандықтардың басын біріктіретін бірден-бір мереке – 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні деп атап өтіледі.