Бүгін балақайлар мектебінің оныншы күнінде балалар сауат ашу негіздерінен суреттерді бояп, сызықтарды бастырып жазды. Математика негіздерінен тәулік бөліктерінің ауысуын (кеше, бүгін, ертең) анықтауды үйренді. Сонымен қатар 5 санының жазылуын үйренді. Қол жаттығуын жасап, бүгінгі күнді аяқтадық.