Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Павлодар облысы білім алушыларының халықаралық зерттеулер нәтижелеріндегі функционалдық сауаттылығы»

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы аудандық/қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлеріне, мектеп басшылары мен орынбасарларына, педагогтерге арналған «Павлодар облысы білім алушыларының халықаралық зерттеулер нәтижелеріндегі функционалдық сауаттылығы» тақырыбында кезекті әдістемелік консалтинг өткізді.

2023 жылғы қараша-желтоқсан айларында Павлодар облысы бойынша 48 білім беру ұйымдары «Мектептерге арналған PISA» (PBTS) республикалық зерттеуіне қатысты.

Әдістемелік консалтингте қатысушылар білім алушылардың халықаралық «PISA-2022», республикалық «Мектептерге арналған PISA» (PBTS) зерттеулерінің нәтижелерімен және халықаралық «PISA-2025» зерттеуін өткізу форматымен, сондай-ақ ережелерімен  таныстырылды.

Әдістемелік консалтинг соңында білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту бойынша ұсыныстар берілді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено