#біртұтас_тәрбие #ата_аналар_жиналысы
16.10.24 Қарағаш орта мектебінде жалпы мектепішілік ата - аналар жиналысы өтті. Жиналыс тақырыбы: Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы, Аутодиструктивті мінез-құлықты алдын алу
Құрметті ата-аналар, мынандай белгілерге назар
аударуларыңызды сұраймын, оларды дер кезінде байқау өте маңызды:
· көңіл күйдің кенеттен өзгеруі, агрессия немесе тұйықтық;
· үнемі шаршау, ұйқысыздық, мектептегі үлгерімнің
төмендеуі;
· гаджеттерді пайдаланғанда құпиялылық, болған
оқиғаларды
· талқылаудан бас тарту;
· баланың жасырын жаңа таныстарының пайда болуы;
· вербалды емес белгілер, ерекше өтініштер, сөздер,
· сөйлемдер мен әрекеттер.
Бұл және басқа да алғашқы белгілер пайда болған жағдайда, әрқашан мектепке келіп, біздің мектеп педагог-психологіне жүгінуге болады.
Мектеп психологі Шайхыжанова А.Қ.аутодиструктивті мінез құлқының алдын алу бойынша ата - аналарға бірнеше кеңес беріп ,оның қаншалықты маңызды тақырып екенін атап өтті.
Алдын алу
•Тұлға аралық қарым-қатынасты жандандыру
•Баланың өз күші мен мүмкіндігіне сендіру
•Тәртібін қадағалау, достарымен қарым-қатынасын қадағалау
•Барлық жағдайларға түсіністікпен қарап, жанашырлық таныту.
Сонымен қатар жиналысқа полиция майоры Бекбулатов Р.Б қатысып балалардың интернеттегі және шынайы өмірдегі қауіпсіздігі маңызды мәселе екенін атап өтті.