Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Логопедиялық апта"

2024 жылғы 11-15 қараша аралығында "№7 орта мектеп" КММ логопедиялық пунктінің базасында Халықаралық логопед күніне арналған логопедиялық апта өтті.

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының логопедияның, сөйлеу коммуникациясының маңыздылығы туралы қызығушылығын арттыру, балалардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ ой-өрісін кеңейту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

2024 жылғы 11 қарашада оқытушыларға, ата-аналарға және бастауыш сынып оқушыларына логопедиялық аптаның басталғаны туралы жарияланды. Сондай-ақ, оқушылар белсенді қатыса алатын конкурстар жарияланды.

Байқау: 1-сынып оқушылары арасында "Менің сүйікті әрпім" суреті;

2-сынып оқушылары арасында "Дыбыстардың саяхаты" аппликациясы;

3-сынып оқушылары арасында "Сыпайы сөздер" коллажы; 4-сыныптар "Менің сүйікті жыл мезгілім" шағын шығармасы.

Сөйлеуді дамыту және сөйлеу бұзылыстарының алдын алу мақсатында "№7 орта мектеп" КММ логопункт базасында бастауыш сынып оқушыларына түрлі ойындар мен іс-шаралар өткізілді.

Аптаның соңында логопедиялық апталықтың жабылуы өтті, байқаудың қорытындысы шығарылып, оқушыларды марапаттау өткізілді.

Фото



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено