2023 жылдың 25 қыркүйегінде республикалық ауылдық олимпиада басталды.
Бұл олимпиаданы ҚР Оқу-ағарту министрлігі дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға ынталандыру мақсатында әзірледі.
Зияткерлік сайыс алғаш рет 2023-2024 оқу жылында өтті. Биыл да, өткен жылдағыдай, республиканың ауылдық мектептерінде оқитын 9-11 сынып оқушылары қатысады. Олимпиада аудандық, іріктеу және республикалық кезеңдерден тұрады.
Қорытынды кезеңнің қатысушылары қосымша білім алу үшін Республикалық сырттай мектепке қабылданады. I дәрежелі диплом жеңімпаздары оқу-жаттығу жиындарына шақырылып, жалпы білім беретін пәндер бойынша Ұлттық олимпиадаға жолдама алады.
