1 қазан Халықаралық Қарттар күніне орай «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік кеш
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1 қазан Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Мектеп директоры Тогузаков Айдос Еркебұланұлы ақ тілегін айтып, қонақтарды мерекесімен құттықтады. Кеш оқушылардың ән, би, көрініс, өлең жыр шумақтарымен жалғасын тапты. Кеш соңында ауыл ақсақалдары Мергенбай ата, Азнабай ата, Исахан ата және ауылымыздың ақ жаулықты әжелеріміз Ултуар әже, Тастанкүл әжелеріміз ізгі тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.